«Әл-Наср» Родригоны қатарға қосуды көздеп отыр

Родриго

Фото: ISI Photos via Getty Images

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы жазғы трансфер науқанын қызу бастап, мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Родригоны өз сапына қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Sky Sports журналисі Саша Тавольеридің мәліметінше, клуб бразилиялық ойыншының агенттерімен байланыс орнатып, оған шексіз қаржылық ұсыныс жасаған. Бұл трансферге бастамашы болған — Криштиану Роналду. Ол Родригоны команда үшін басты трансферлік мақсат ретінде ұсынған.

Алайда 24 жастағы футболшы қазіргі таңда Сауд Арабиясына ауысуға қызығушылық танытпай отыр. Ол тек Англия Премьер-лигасына ауысу мүмкіндігін қарастыратынын аңғартты.

Соған қарамастан, «Әл-Наср» ұсынысынан бас тартпайды — бұл тек алғашқы қадам. Клуб Родригоны алу үшін күресті жалғастырмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар