Қазақ чемпионы допинг дауына ілікті

Абилкайыр Мауленин

Фото: Offside.kz

Кураштан әлем чемпионы Әбілқайыр Мәуленин уақытша жарыстардан шеттетілді. Бұған спортшы тапсырған допинг сынамасы себеп болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Халықаралық тестілеу агенттігінің (ITA) мәліметінше, 2024 жылдың 17 желтоқсанында Өзбекстанда өткен World Series Pro финалынан кейін алынған сынамадан экзогенді тестостерон табылған. Спортшы бұл жайында хабардар етілді және енді «Б» сынамасын қайта қарауды сұратуға құқығы бар. Егер екінші нәтиже де оң болса немесе талдау сұратылмаса, бұл антидопинг ережелерінің бұзылуы ретінде қарастырылады.

Айта кетейік, желтоқсанда Әбілқайыр ирандық Пакдел Элясты жеңіп, алтын медаль иеленген болатын. Бұдан бөлек, 2023 жылдың қарашасында Ашхабадтағы әлем чемпионатының финалында ол түрікмен балуаны Шатлык Жуманиязовты ұтып, 73 келі салмақта топ жарған еді.

 

 

Спросить ChatGPT
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 14:45 Жекпе-жек
Загребтегі Гран-приге Қазақстаннан 17 дзюдошы қатысуы мүмкін
14 Окт - 08:47 Жекпе-жек
Айбек Айтбеков U23 әлем чемпионы атанды
13 Окт - 12:50 Жекпе-жек
Шерзод Давлатов IJF әлемдік рейтингінде үздік ондыққа енді
13 Окт - 08:30 Жекпе-жек Күрес
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатының финалына шықты
09 Окт - 17:55 Жекпе-жек
Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің алдын ала тізіміне енді
09 Окт - 13:45 Жекпе-жек
Аруна Жангельдина дзюдодан әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңілді
07 Окт - 18:15 Жекпе-жек
Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының финалына бір қадам қалғанда жеңілді
07 Окт - 17:00 Жекпе-жек
Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
06 Окт - 14:20 Жекпе-жек
Ансарбек Ғайнуллин дзюдодан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады
02 Окт - 19:00 Жекпе-жек
Тамирлан Тлеулес таеквондодан Қазақстанға тарихи алтын әкелді