PIN-UP.KZ «Ертіс» футбол клубының титулдық серіктесі атанды

ФК «Иртыш» Павлодар и БК PIN-UP.KZ

ФК «Иртыш» Павлодар и БК PIN-UP.KZ

Астана, 27 маусым — Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы мен PIN-UP.KZ букмекерлік компаниясы стратегиялық серіктестік жөнінде келісім жасады. Бұл келісім аясында лицензияланған БК PIN-UP.KZ клубтың титулдық серіктесі болды.

Аталған серіктестік команда дамуына тың серпін беріп, ойыншылардың шеберлігін арттыру мен клубтың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

««Ертіс» ФК тарихының бір бөлшегі болуға және клубты 60 жылдық мерейтойында қолдауға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Бұл серіктестік арқылы команда үлкен жетістіктерге жетіп, Премьер-лигаға оралады деп сенеміз», — делінген PIN-UP.KZ мәлімдемесінде.

«Ертіс» ФК маркетинг департаментінің басшысы Серікболсын Кинаятов:

«PIN-UP.KZ сияқты жарқын және заманауи брендпен серіктес болғанымызға қуаныштымыз. Бұл әріптестік клуб позициясын нығайтып қана қоймай, жанкүйерлерге де жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Бірлесе отырып, спорттық және медиялық жаңа белестерді бағындырамыз деп сенемін».

Айта кетейік, дәл бүгін, серіктестік жарияланған күні «Ертіс» өз алаңында «SD FAMILY» командасын қабылдайды.

«Ертіс» ФК 1965 жылы құрылған. Қазақстанның бес дүркін чемпионы. Ел тарихында алғаш болып еурокубоктардың топтық кезеңіне өткен клуб. Бүгінде команда инфрақұрылымды жаңартып, жастар академиясын дамытуда. Мақсат — тұрақты даму мен ел футболындағы жетекші орынды қайтару.

_____

Анықтама үшін:

PIN-UP.KZ — 2022 жылдан бері Қазақстан нарығында жұмыс істеп келе жатқан лицензияланған букмекерлік компания. Компания автоспорт, аралас жекпе-жек, бокс және басқа да спорт түрлеріне белсенді инвестиция құйып келеді.

Лицензия №21031283, берілген күні — 08.11.2021, беруші орган — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Сен - 09:15 Футбол
«Реал Сосьедад» пен «Сельта» кейінге шегерілген Ла Лига матчында жеңімпазды анықтай алмады
04 Сен - 08:30 Футбол
«Динамо» «Ахматты» ірі есеппен жеңді: Қазақстан құрамасының екі ойыншысы алаңға шықты
03 Сен - 16:25 Футбол
«Челси» Дастан Сәтпаевты жазғы трансферлік науқаннан кейін жаңа ойыншылар тізіміне қосты
03 Сен - 13:45 Футбол
Обамеянг Габон құрамасынан кететінін мәлімдеді
03 Сен - 12:05 Футбол
Стефан Эль-Шаарави 16 жылдан кейін «Дженоаға» қайта оралды
03 Сен - 10:45 Футбол
Дастан Сәтпаев «Бернли» – «Мидлсбро» матчының үздік ойыншысы атанды
03 Сен - 09:15 Футбол
«Бернли» тағы да ұпай жоғалтты: Сәтпаев командасына алғашқы жеңісті сыйлай алмады
03 Сен - 08:30 Футбол
«Крылья Советов» «Балтиканы» пенальти сериясында жеңіп, екінші орынға көтерілді
02 Сен - 17:55 Футбол
Сатпаев «Мидлсброға» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін
02 Сен - 15:05 Футбол
Себальос «Реалдан» кейін туған клубына оралды