Абужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Абиба Абужакынова

Фото: ijf.org

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Абужақынова дзюдодан әлемдік рейтингте екінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Жаңартылған тізімге сәйкес, ол 48 келіге дейінгі салмақта 5662 ұпай жинап, бірден екі сатыға жоғарылады.

Рейтинг көшін енді италиялық Ассунта Скутто бастап тұр. Ол Будапештте өткен әлем чемпионатының финалында Әбибадан басым түсіп, 5958 ұпайға ие болды. Бұған дейін Скутто төртінші орында болған.

Финалда жеңілсе де, Абужақынова Қазақстан тарихында алғаш рет әйелдер арасында әлем чемпионатының финалына шыққан дзюдошы ретінде есімін алтын әріппен жазды.

Үздік үштікті 5170 ұпайы бар Франция өкілі Ширин Букли түйіндеп тұр. Ол бұған дейін алтыншы сатыда еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Окт - 11:15 Жекпе-жек
Зарина Райфова Азия Пара ойындарында пара дзюдодан алтын медаль жеңіп алды
16 Окт - 14:45 Жекпе-жек
Загребтегі Гран-приге Қазақстаннан 17 дзюдошы қатысуы мүмкін
14 Окт - 08:47 Жекпе-жек
Айбек Айтбеков U23 әлем чемпионы атанды
13 Окт - 12:50 Жекпе-жек
Шерзод Давлатов IJF әлемдік рейтингінде үздік ондыққа енді
13 Окт - 08:30 Жекпе-жек Күрес
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатының финалына шықты
09 Окт - 17:55 Жекпе-жек
Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің алдын ала тізіміне енді
09 Окт - 13:45 Жекпе-жек
Аруна Жангельдина дзюдодан әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңілді
07 Окт - 18:15 Жекпе-жек
Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының финалына бір қадам қалғанда жеңілді
07 Окт - 17:00 Жекпе-жек
Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
06 Окт - 14:20 Жекпе-жек
Ансарбек Ғайнуллин дзюдодан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады