Агапова жалаң жұдырықтағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Мария Агапова

Фото: Bare Knuckle FC

Қазақстандық файтер Мария Агапова Bare Knuckle FC ұйымындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Турнир АҚШ-тың Форт-Уэрт қаласында өтті. Агаповаға қарсы октагонға шыққан – UFC-тің бұрынғы спортшысы америкалық Джессика Ай.

Жекпе-жек бес раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Джессика Ай жеңіске жетті. Америкалық спортшы бүкіл жекпе-жек бойы басымдық танытып, раундтардың бәрінде ұпаймен алда болды.

Жекпе-жек алдындағы stare down кезінде күтпеген жағдай болды – Агапова қарсыласын ернінен сүйіп, Джессиканың наразылығын тудырды.

Айта кетейік, Мария Агапова – UFC ұйымында өнер көрсеткен тұңғыш қазақстандық әйел. Ол 2020–2024 жылдар аралығында алты жекпе-жек өткізіп, екеуінде жеңіске жеткен. Алайда төрт жеңілістен кейін UFC-ден босатылды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру