Бублик Синнерді жеңген соң: «Мен оны тоқтаттым, жігіттер»

Александр Бублик

Фото: Getty Images

Қазақстандық теннисші Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді жеңгеннен кейін әзілмен жауап қатты, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Tennis TV Instagram парақшасы бұл жеңіс туралы жазғанда, Бублик астына қысқа да нұсқа пікір қалдырды.

«Мен оны тоқтаттым, жігіттер», – деп жазды Александр. Бұл сөзбен ол «Ролан Гаррос» турниріндегі өз қалжыңына сілтеме жасады. Сол кезде ширек финалда Синнерден жеңілгеннен кейін Бублик: «Тоқтатуға аз ғана қалып еді» деп қалжыңдаған болатын.

Аталған қалжың америкалық Тейлор Фритцтің сөзіне жауап ретінде пайда болған еді. Ол кезде Каспер Рууд Римдегі турнирде Синнерден ойсырай жеңіліп, (0:6, 1:6) Фритц: «Сен оны аз қалды жеңіп тұр едің» деп әзілдеген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру