Қазақстандық файтер жеңіс сериясын UAE Warriors турнирінде жалғастырды

Гамлет Асланов

Гамлет Асланов. Фото: NAIZA FC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Гамлет Асланов (7-0) Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UAE Warriors 60 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Ол бұл кеште Әзербайжаннан келген Шихихлас Жамаловпен қолғап түйістірді. Екеуінің де кәсіби рекорды 6-0 болатын. Жекпе-жек аса жеңіл салмақта өтті және үш раундқа созылды. Үш кезең бойы сенімді өнер көрсеткен Асланов төрешілер шешімімен жеңімпаз атанды.

Бұл – Гамлеттің кәсіпқой мансабындағы жетінші жеңісі және UAE Warriors лигасындағы алғашқы айқасы. Бұған дейін ол Naiza FC турнирлерінде бақ сынаған.

Ал Жамалов үшін бұл – мансабындағы алғашқы жеңіліс.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру