Уимблдон тарихындағы ең ірі жүлде қоры жарияланды

Уимблдон

Уимблдон. Фото: IBM

2025 жылғы Уимблдон турнирінің жүлде қоры рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды «Pin-UpSport.kz». Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жалпы сома 53,5 миллион фунт стерлингті құрайды – бұл қазіргі бағаммен шамамен 73 миллион АҚШ доллары.

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7 пайызға көп. Соңғы он жылда жүлде көлемі екі есе өскен. Бұл – әлемдегі ең беделді теннис турнирлерінің бірі ретінде Уимблдонның қаржылық тартымдылығының артып келе жатқанын білдіреді.

Турнир әр жылдағы дәстүр бойынша Лондонда, Всеағылшын лаун-теннис және крокет клубының шөп жамылғылы корттарында өтеді. Биылғы жарыс 30 маусым мен 13 шілде аралығына жоспарланған.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Мар - 09:22 Теннис
Елена Рыбакина мен Тейлор Фритц «Эйзенхауэр кубогын» жеңіп алды
03 Мар - 11:10 Теннис
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллстегі ATP 1000 турниріндегі қарсыластарын білді
03 Мар - 09:45 Теннис
Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирін Паула Бадосаға қарсы матчпен бастайды
03 Мар - 08:40 Теннис
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турниріндегі ықтимал қарсыластарын білді
02 Мар - 15:26 Теннис
WTA жаңартылған рейтингін жариялады: қазақстандық теннисшілердің орындары
28 Фев - 12:00 Теннис
Леонардо Абоян келісілген матчтар үшін ұзақ мерзімге шеттетілді
25 Фев - 21:32 Теннис
Александр Бублик Дубайдағы ATP-500 турниріндегі жарысын аяқтады
24 Фев - 13:40 Теннис
Юлия Путинцева Меридадағы турнирдің алғашқы айналымында жеңілді
18 Фев - 19:27 Теннис
Тимофей Скатов Лилльдегі «челленджер» турнирін аяқтады
16 Фев - 15:14 Теннис
WTA Дохадағы турнирден кейінгі жаңартылған рейтингті жариялады