Кристенсенге Сауд Арабиясынан ұсыныс түсті

Андреас Кристенсен

Андреас Кристенсен. Фото: Getty Images

«Барселонаның» орталық қорғаушысы Андреас Кристенсен мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Sport.es басылымы хабарлады. Дереккөздің мәліметінше, 29 жастағы дат футболшысына «Аль-Наср» клубы қызығушылық танытып отыр.

Саудиялық команда Кристенсенге қазіргі жалақысынан екі есе жоғары табыс ұсынуға дайын. Алайда «Барселона» қорғаушыны сатуға қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ.

Футболшының өзі келісімшартты соңына дейін атқарғысы келеді. Келісім мерзімі 2026 жылдың жазына дейін есептелген. Өткен маусымда Кристенсен жарақатынан ұзақ айыққан соң, бар болғаны алты ойында ғана алаңға шықты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін