Иордания мен Өзбекстан – алғаш рет әлем чемпионатында

Сборная Иордании

Фото: Jordan Times

Иордания құрамасы алғаш рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл тарихи жетістік сырт алаңда Оманды 3:0 есебімен жеңген соң тіркелді. Қалған бір турға қарамастан, 16 ұпай жинаған иорданиялықтар 12 ұпайы бар Ирак құрамасынан алға ұзап кетті.

Ал Ирак болса өз алаңында Оңтүстік Кореядан 0:2 есебімен жеңілді. Қожайындар бірінші таймда қызыл қағаз алып, көп бөлігі матчты бір ойыншы кем өткізді.

Оңтүстік Корея 19 ұпаймен B тобында көш бастап тұр. Олар да әлем чемпионатына жолдаманы алдын ала жеңіп алды. Осылайша, бұл топтан Корея мен Иордания 2026 жылғы мундиальға қатысады.

Айта кетейік, дәл осы күні – 5 маусымда Өзбекстан құрамасы да тарихта алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды. Олар БАӘ-мен тең ойнап, топтағы орнын сақтап қалды.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді