Азия біріншілігінде Қазақстан гимнасшылары үшінші орын иеленді

Милад Карими. Фото: Getty Images
Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан командалық сында үздік үштікке енді.
Нариман Құрбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Мәменов, Ильяс Азизов пен Әлішер Тойбазаровтан құралған команда 240.301 ұпай жинап, қола медаль иеленді.
Бірінші орынды – Жапония (253.002), екінші орынды Қытай (248.265) құрамалары еншіледі.