Келісілген ойындар дерті: Қазақ футболының абыройы неге шайқалды?

image

Фото: Футбол 24

2024 жылғы Sportradar Integrity Unit есебінде Қазақстан әлем бойынша келісілген ойындар ең көп тіркелген төрт елдің қатарына енген. Бұл – жай ғана статистика емес, ел футболының беделіне тікелей соққы. Әсіресе, күмән тудырған матчтардың көбі Бірінші және Екінші лигада өткені – дабыл қағарлық жағдай.

Футбол федерациясы мәселенің бар екенін мойындап отыр. Қазір КФФ Sportradar компаниясымен арнайы келісімге келіп, букмекерлік нарықтағы күмәнді белсенділіктер туралы мәліметтерді дер кезінде алу үшін жүйе құруда. КФФ төрешілер департаментінің басшысы Нуну Алешандре Паррейра де Каштру бұл тек төрешілердің емес, бүкіл футбол қауымдастығының – ойыншылар, бапкерлер, клуб басшылары – ортақ жауапкершілігі екенін айтты.

Алайда жағдай мұнымен шектелмейді. Журналистік зерттеулерге сүйенсек, бұрынғы арбитрлердің бірі келісілген матчтарда нақты бағалар бар екенін айтқан: Премьер-лигада нәтижені сатып алу құны – 5–10 миллион теңге, Бірінші лигада – жарты миллионнан миллион теңгеге дейін. VAR жүйесі енгізілсе де, кейбір шешімдердің кездейсоқ қателік емес, жоспарланғаны анық байқалады дейді ол. Бұрынғы құрама өкілі Ермұхамед Мәуленнің «Қазақстанда бәрі келісілген ойын ойнайды» деген мәлімдемесі де қоғамда үлкен резонанс тудырды.

ФИФА бұл мәселені жаһандық деңгейде шешуге кіріскен. 2025 жылы ұйым келісілген ойындарға қатысы бар 63 футболшыны өмір бойы жарыстардан шеттеткен. Бразилияда арнайы операция барысында ондаған адам қамауға алынса, Англияда “Вест Хэм” ойыншысы Лукас Пакета сары қағазды әдейі алғаны үшін тергеуге алынды. Кенияда бір клуб тіпті үшінші лигаға түсірілген.

Қазақстан осы бағытта нақты әрі қатаң шаралар қабылдамаса, футболымыздың беделі бұдан әрі құлдырай бермек. Қазір КФФ ниет танытып, алғашқы қадамдарын жасағанымен, сөзден нақты іске көшетін кез келді. Себебі футбол – бұл тек ойын емес, елдің абыройы мен сенімінің айнасы.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Сен - 09:15 Футбол
«Реал Сосьедад» пен «Сельта» кейінге шегерілген Ла Лига матчында жеңімпазды анықтай алмады
04 Сен - 08:30 Футбол
«Динамо» «Ахматты» ірі есеппен жеңді: Қазақстан құрамасының екі ойыншысы алаңға шықты
03 Сен - 16:25 Футбол
«Челси» Дастан Сәтпаевты жазғы трансферлік науқаннан кейін жаңа ойыншылар тізіміне қосты
03 Сен - 13:45 Футбол
Обамеянг Габон құрамасынан кететінін мәлімдеді
03 Сен - 12:05 Футбол
Стефан Эль-Шаарави 16 жылдан кейін «Дженоаға» қайта оралды
03 Сен - 10:45 Футбол
Дастан Сәтпаев «Бернли» – «Мидлсбро» матчының үздік ойыншысы атанды
03 Сен - 09:15 Футбол
«Бернли» тағы да ұпай жоғалтты: Сәтпаев командасына алғашқы жеңісті сыйлай алмады
03 Сен - 08:30 Футбол
«Крылья Советов» «Балтиканы» пенальти сериясында жеңіп, екінші орынға көтерілді
02 Сен - 17:55 Футбол
Сатпаев «Мидлсброға» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін
02 Сен - 15:05 Футбол
Себальос «Реалдан» кейін туған клубына оралды