Алияр Мұхамед: «Ұлттық құрама үшін бар күшімді саламын»

Алияр Мухамед

Фото: kff.kz

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алияр Мұхамед Беларусьпен болатын жолдастық кездесуге байланысты пікір білдірді. Ол ұлттық құрамаға шақырту алған сәтін ерекше толқыныспен еске алды.

«Маған шақырту жайлы әкімші хабарлады. Бұл – үлкен жауапкершілік. Қазір толық дайынмын, алдағы ойындарда бар күшімді салуға тырысам», — деді футболшы.

Беларусь құрамасы жайлы да пікір білдірген Мұхаммед қарсыласты физикалық тұрғыдан мықты команда ретінде сипаттады. Бірақ өз командасының да дайын екенін атап өтті.

Ал журналистер қойған «Сіз сырт келбетіңізбен жас Роналдуға ұқсайсыз. Үлгі тұтатын ойыншыңыз кім?» деген сұраққа Алияр:

«Златан Ибрагимович. Ол өте харизмалы және физикалық тұрғыда мықты шабуылшы. Сол футболшының ойыны қатты ұнайды», — деп жауап берді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін