ҚФФ Әли Әлиевке сенім артып, бас бапкер қызметіне тағайындады

Али Алиев

Фото: PA Images via Getty Images

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық және жасөспірімдер құрамаларындағы бірқатар жаңа тағайындаулар туралы хабарлады. Ең бастысы – бұған дейін уақытша бас бапкер болған Әли Әлиев енді ресми түрде Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады.

Федерацияның баспасөз қызметі Геннадий Скуртулдің техникалық директор, ал Руслан Балтиевтің ұлттық құрамалар департаментінің директоры қызметіне кіріскенін растады. Бұл екеуінің тағайындалуы бұған дейін белгілі болған еді.

U21 құрамасын – Денис Мамонов, U19-ды – Кирилл Кекер, U17-ні – Бауыржан Сағындық жаттықтырады. Әйелдер құрамасын Мадияр Кембілов, 19 жасқа дейінгі қыздар командасын – Жанна Мальгаждарова, ал 17 жасқа дейінгілерін Юлия Мамонова баптайды.

Әли Әлиев футболшы ретінде «Қайрат», «Тобыл», «Ордабасы», «Қызылжар» сынды клубтарда және Түркияның бірнеше командасында өнер көрсеткен.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді