Қайрат Ахметов UFC-дің бұрынғы файтерімен жекпе-жек өткізеді

Кайрат Ахметов

Кайрат Ахметов. Фото: One Championship

Қазақстандық танымал спортшы Қайрат Ахметов Астанада өтетін Alash Pride турнирінде бұрынғы UFC чемпионы Алджамейн Стерлингпен грэпплинг ережесі бойынша кездесу өткізеді. Жекпе-жек 27 мамыр күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Ямайка атынан өнер көрсететін Стерлинг қазіргі таңда жартылай жеңіл салмақта күш сынап жүр. Ал Ахметов ONE Championship ұйымында аса жеңіл салмақта чемпион болған және 24 жеңіс, 4 жеңіліспен керемет рекордқа ие.

Стерлинг соңғы рет UFC 310 турнирінде Мовсар Евлоевке есе жіберсе, Қайрат Ахметов былтыр мамыр айында Рис Макларенді төрешілер шешімімен жеңген еді. Жанкүйер асыға күтетін бұл дода әлемнің мықты спортшыларын жинамақ.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру