«Барселона» чемпиондықты дер кезінде рәсімдеді

ФК «Барселона»

Фото: Getty Images

14-15 мамыр түні өткен Каталония дербиінде «Барселона» «Эспаньолды» 2:0 есебімен жеңіп, Ла Лига-2024/25 маусымының чемпионы атанды. Бұл жеңіс Ханс-Дитер Фликтің командасына екі тур қалғанда қарсыластарын қуып жетпейтіндей басымдық сыйлады.

Есепті екінші таймның басында Ламин Ямаль ашты. Қорытынды нүктені Фермин Лопес матчтың қосымша минуттарында қойды. «Эспаньол» ойынды он ойыншымен аяқтады – 80-минутта Леандро Кабрера алаңнан қуылды.

Осылайша, «Барселона» 85 ұпай жинап, клуб тарихындағы 28-чемпиондығын тіркеді. «Реал Мадрид» 7 ұпайға қалып, «блаугранамен» бәсекелесуге қауқарсыз қалды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді