«Бешікташта» Бахтиер Зайнутдиновтың жарақатына алаңдаулы

Бактиер Зайнутдинов

Бактиер Зайнутдинов. Фото: PIXSELL

Қазақстан құрамасының және түріктің «Бешікташ» клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің сіңірінде үлкен мәселе бар екенін Fotospor хабарлады. Дәрігерлер оның аяғы ісіп кетпеуі үшін әзірге жеңіл жүгіруді де тыйып тастапты.

Осы себепті Бахтиер қазір командалық жаттығуларға қатыспай жүр. Клубтың медицина штабы ойыншының жағдайын мұқият бақылап, әрі қарайғы қалпына келу жоспарын жасап жатыр.

Биылғы маусымда Зайнутдинов «Бешікташ» сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Соңғы рет ол 26 қаңтар күні «Антальяспорға» қарсы ойнаған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру