«Астана Арена» тағы жөнделмек: неге тағы миллиардтар керек?

«Астана Арена». Фото: Getty Images
ҚР Үкіметінің резервінен елорданың екі үлкен спорт нысанын — «Астана Арена» стадионы мен «Алау» мұз сарайын жөндеуге 20,9 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлады КазТАГ.
2026 жылға арналған бюджет жобасына сәйкес, бұл қаражат «Үкімет резерві есебінен шұғыл шығындарға басқа деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарына іс-шаралар өткізуге арналған мақсатты трансферттер» бабы бойынша қарастырылған.
Айта кетейік, «Астана Арена» 2024 жылы өткен Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары қарсаңында күрделі жөндеуден өткен болатын. Ол кезде де бұл аренаға қыруар қаражат жұмсалған еді.