Жалғас Жұмағұлов OKTAGON титулдық жекпе-жегіне тас-түйін дайын

ufc fight night emmett v topuria 1 scaled

Қазақстандық ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов Еуропада өтетін титулдық жекпе-жекке қызу дайындалып жатыр. Қазір спортшы АҚШ-та, әлемге әйгілі American Top Team залында жаттығу жүргізуде.

«Дайындық қызу жүріп жатыр. 28 маусымда от қыламын. Күш-жігерім тасып тұр. Жекпе-жекке дайынмын», – деп жазды Жалғас UFC-дің наилегчайший салмақтағы чемпионы Алешандре Пантожамен түскен суретінің астына. Бұл фото әлеуметтік желідегі Х парақшасына жүктелді.

Еске сала кетсек, OKTAGON ұйымы Жұмағұлов пен Грузиядан шыққан чемпион Бено Адамия арасындағы титулдық кездесуді жариялаған болатын. Жекпе-жек 28 маусымда Германияның Гамбург қаласында өтеді.

Жалғас үшін бұл OKTAGON аясындағы екінші айқас болмақ. Ол өткен жылдың қараша айында алғашқы кездесуінде төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар