Магомед Адиев «Химкидің» тізгінін ұстамақ

Магомед Адиев. Фото: PA Images via Getty Images
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Ресейге қайта оралуы мүмкін. Журналист Иван Карповтың мәліметінше, ол жақын күндері Ресей Премьер-лигасында ойнайтын «Химки» клубының тізгінін алады.
Қазіргі бапкер Франк Артиганың қызметтен кететіні 14 сәуірде белгілі болады деп күтілуде. Ал клуб басшылығы Адиевке бір жылдық келісімшарт ұсынуға дайын отыр.
Қазір «Химки» 24 турдан кейін 25 ұпаймен турнир кестесінің 12-орнында тұр. Адиев 2022–2024 жылдары Қазақстан құрамасын жаттықтырды. Бұған дейін ол Қарағандының «Шахтері» мен Ресейдің «Ахмат», «Анжи», «Чайка» секілді командаларын басқарған.
Алдыңғы мақала:
Нұртас Әжбенов Ковалевтің қоштасу кешінде жұдырықтасадыКелесі мақала:
Фаниль Рафиков ресейлік файтермен жекпе-жек үшін 100 мың долла алады
