Жамиля Бақбергенова әлем рейтингінде бірінші орынға шықты

Жамиля Бакбергенова

Жамиля Бакбергенова. Фото: Getty Images

Балуандардың халықаралық ұйымы – United World Wrestling ресми сайтында 72 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасындағы жаңа әлемдік рейтингті жариялады. Жағымды жаңалық – көш басында енді қазақстандық спортшы Жамиля Бақбергенова тұр.

Бұған дейін бұл салмақта жапон қызы Ами Иши бірінші орында тұрған еді. Ол өткен жылы Тиранада өткен әлем чемпионатында топ жарып, рейтингте ұзақ уақыт бойы үздік болған. Бірақ Амманда өткен Азия чемпионатында Жамиля алтын медаль жеңіп алып, 10 мың рейтинг ұпайын иеленіп, жапон спортшысын басып озды.

Айта кетейік, Жамиля соңғы бес ай бойы әлем рейтингінде екінші орында тұрған. Бұл – оның спорттық мансабындағы төртінші Азия чемпионатының алтыны. Ал Иши рейтингте бірден сегізінші орынға дейін сырғыды.

Осылайша, Жамиля Бақбергенова тағы да өз шеберлігін дәлелдеп, Қазақстан күресінің абыройын асқақтатты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 10:48 Күрес
Виктория Хусаинова әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам қалғанда жеңілді
16 Окт - 09:15 Күрес
Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
13 Окт - 08:30 Жекпе-жек Күрес
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатының финалына шықты
12 Окт - 12:05 Күрес
ACA президенті 50 жауынгердің қысқаруына қатысты пікір білдіріп, Қадыровтың рөлін түсіндірді
11 Окт - 16:28 Күрес
Қазақстан құрамасы Бакудегі дзюдодан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады
05 Окт - 19:51 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдесіз қалды
05 Окт - 12:42 Күрес
Нұрқанат Серікбаев Бакудегі әлем чемпионатындағы жолын аяқтады
08 Сен - 13:47 Басқа Күрес
Арман Оспанов Шымкент қаласының күрес федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
04 Сен - 17:55 Басқа Күрес
Ернұр Сүлеймен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды
29 Авг - 21:03 Күрес
Лозаннадағы Grand Slam: дзюдошы Абылайхан Жұбаназар алтын жүлдегер атанды