Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде неге үш саты төмен сырғыды?

Сборная Казахстана

Сборная Казахстана. Фото: CameraSport

ФИФА ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл жолы Қазақстан құрамасы үш саты төмендеп, 110-орыннан 113-ке сырғыды. Али Алиевтің шәкірттері Намибия мен Вьетнамға жол беріп қойды.

Намибия 111-орыннан 108-ге көтерілсе, Вьетнам 114-тен 109-орынға бір-ақ секірген. Осылайша бұл екі құрама Қазақстанды артта қалдырды.

Рейтингтің алғашқы ондығында да аздап өзгеріс бар. Испания құрамасы Францияны артқа тастап, екінші орынға жайғасты. Ал Нидерланды мен Португалия алтыншы және жетінші орындарымен алмасты. Рейтинг көшін Аргентина бастап тұр.

Еске салайық, наурыз айында Қазақстан үш матч өткізді. Алдымен бақылау матчында Кюрасаоны 2:0 есебімен ұтты. Одан кейін Уэльске сырт алаңда 1:3 есебімен жол берді. Сосын Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңді. Алайда бұл нәтиже рейтингте алға жылжуға жеткіліксіз болды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді