Олимпиада-2026: Милан мен Кортина жаңа форматтағы ойындарға дайындалып жатыр

NurPhoto via Getty Images

NurPhoto via Getty Images

2026 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дайындық қызу жүріп жатыр. Осыған байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті мен «Милан–Кортина 2026» ұйымдастыру комитеті бірлесіп семинар өткізді. Оған 78 елдің ұлттық Олимпиада комитеті мен 33 Паралимпиада ұйымының өкілдері қатысты. Қазақстан атынан спорт департаментінің басшысы Бектұр Қиятбай мен халықаралық қатынастар департаментінің директоры Анара Сыздықова барды.

Семинар барысында қонақтарға Олимпиадаға дайындық барысы таныстырылды. Атап айтқанда, спорт нысандары мен Олимпиада ауылдарының жай-күйі, атлеттердің тұру жағдайы, жарыс орындарына қатынау, қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік желіге қатысты ережелер сөз болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2026 жылғы ойындарға 3500-ден астам спортшы қатысады. Жарыстарда 195 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ал ски-альпинизм алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енбек.

Милан қаласы Олимпиаданың басты орталығы болады. Онда мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, шорт-трек пен коньки жарыстары өтеді. Ал тау шаңғысы, сноуборд пен шаңғы қоссайысы сияқты басқа спорт түрлері Кортина, Вальтеллина және Валь-ди-Фьемме кластерлерінде ұйымдастырылады. Бұл жолғы Олимпиаданың ерекшелігі — ашылу салтанаты бір мезетте төрт жерде өтеді. Олимпиада алауы бірден екі қалада — Милан мен Кортинеде тұтатылады. Негізгі шоу Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионында болады.

Бектұр Қиятбайдың айтуынша, Олимпиадаға дайындық кестеге сай жүріп жатыр. Миландағы Олимпиада ауылының құрылысы бітуге жақын. Кейін бұл нысан студенттерге арналған жатақхана ретінде пайдаланылады. Ал ойындардың жабылу рәсімі Веронада өтпек.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 17:45 ММА
Менеджер Али Абдель-Азиз Фарид Башараттың UFC-ден кеткеніне қатысты пікір білдірді
20 Окт - 17:05 Жүзу
Қазақстандық жүзуші Диас Кенжебек Азия Пара ойындарында алтын медаль алып, Азия рекордын жаңартты
20 Окт - 17:02 Теннис
Стефанос Циципас Almaty Open турнирінің екінші айналымында Михаил Кукушкинмен кездеседі
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 16:00 Хоккей
Барри Тротц Александр Овечкиннің Стэнли кубогын жеңіп алғанға дейінгі қысым туралы айтты
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу