Ресейлік футболшы Қазақстан құрамасында ойнағысы келетінін мәлімдеді

Денис Фомин

Денис Фомин Фото: fc-textil.ru/

«Черноморецтің» орталық қорғаушысы Денис Фомин Қазақстан құрамасында ойнау жайлы пікір білдірді. Оның айтуынша, әзірге ешкім ресми түрде хабарласпаған, бірақ егер ұсыныс түссе, қарсы емес екенін жасырмады. Бұл жайлы ол Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

Фомин Қостанай облысындағы Лисаковск қаласында дүниеге келген. Кейін бала күнінде отбасымен бірге Ресейдің Иваново қаласына көшіп кеткен. Ол бұған дейін «Текстильщик», «Урал», «Тамбов» пен «СКА-Хабаровск» клубтарында ойнаған. 2023 жылдан бері новороссийлік «Черноморец» сапында өнер көрсетіп жүр.

Футболшы 2015 жылы Ресейдің жастар құрамасына шақыртылып, үш ойын өткізген. Дегенмен, қазір ол Қазақстан құрамасында ойнау мүмкіндігін де қарастыруға дайын екенін аңғартты.

2024/2025 маусымында Фомин Ресей Бірінші лигасында 15 матчқа қатысқан. Қазіргі таңда «Черноморец» 26 турдан кейін төртінші орында тұр. Transfermarkt дерегінше, 28 жастағы қорғаушының нарықтық бағасы – 350 мың еуро.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді