«Атырау» клубының жаңа бас менеджері тағайындалды

Дидар Сыдықбек

Дидар Сыдықбек

«Атырау» футбол клубының бас менеджері қызметіне 32 жастағы қазақстандық маман Дидар Сыдықбек тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматылық Сыдықбек футболшы ретінде «Қызылжар», «Астана-1964», «Ақтөбе» және «Ордабасы» клубтарының намысын қорғаған. Мансабын аяқтаған соң, ол түрлі салада еңбек етті — «Прогресс KZ» аналитика қызметінің басшысы, «ИТЦ» АҚ бақылау бөлімінің маманы және Тұңғыш Президент Қоры жобалық кеңсесінің үйлестірушісі қызметтерін атқарған.

Футболдағы басқарушылық жолын SD Family Group компаниясының директоры қызметінен бастаған. Кейін Қазақстан медиа-футбол федерациясының президенті болды. Сондай-ақ, ҚФФ-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «ALAN» инфрақұрылымдық жобасында кеңесші болған.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Алишер Апсалямов атқарған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді