Асхат Тағыберген «Ордабасыда» қанша жалақы алады?

Асхат Тагыберген

Асхат Тагыберген

Қазақстан құрамасының капитаны, «Ордабасының» көшбасшыларының бірі Асхат Тағыберген ай сайын 20 миллион теңге жалақы алады. Бұл ақпаратты Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков растады.

Тәжірибелі жартылай қорғаушы 2023 жылы «Ордабасыға» ауысып, бірден негізгі ойыншыға айналды. Сол маусымда клубтың тарихи чемпиондығына зор үлес қосып, ұлттық құрама сапында Дания қақпасына керемет гол соқты. Бұл гол FIFA-ның Ференц Пушкаш сыйлығының шорт-листі қатарынан орын алды.

2024 жылғы маусымда Тағыберген 24 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді. Алайда 2025 жылғы жаңа маусымда ол екі-ақ ойын өткізіп, әзірге гол да, ассист те жасай қойған жоқ.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру