Зайнутдинов іріктеу матчтарын өткізіп алуы мүмкін

Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құраманың алдағы матчтарына қатыспауы мүмкін.

«Бешікташ» ойыншысы жарақатынан толық айықпаған және жеке бағдарламамен жаттығып жүр. Vesti.kz мәліметінше, ол наурыз айына дейін бабына келіп үлгермейді. Осылайша, Қазақстан құрамасы негізгі тірек ойыншыларының бірінсіз ойнауға мәжбүр.

Ақпан айында Зайнутдинов Ла-Коруньяда ем қабылдаған. Ол 26 қаңтарда «Антальяспорға» қарсы кездесуде соңғы рет алаңға шыққан. Сондай-ақ, Алибек Қасым да жарақатына байланысты құрамадан тыс қалды.

22 наурызда Қазақстан құрамасы Уэльспен, үш күннен кейін Лихтенштейнмен кездеседі. Уэльс құрамасының тізімі жарияланып, АПЛ жұлдыздары шақырту алды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру