Дияр Нұрғожай UFC-де негізгі кардқа көтерілді

Дияр Нургожай

Дияр Нургожай

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (10-0) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Ол 15-16 наурызға қараған түні Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 254 турнирінде Бразилиядан келген Брендсон Рибейромен (16-7) кездеседі.

Марсель Дорффтың мәліметінше, ұйымдастырушылар турнир кестесіне өзгеріс енгізді. Бастапқыда Нұрғожайдың айқасы алдын ала кардта жоспарланған болатын, алайда ол негізгі кардқа ауыстырылды. Ал Ю Су-янг (14-3) пен Эй Джей Каннингемнің (11-4) жекпе-жегі алдын ала бөлімге жылжытылды.

Нұрғожай 2023 жылдың қазан айында Дана Уайттың Претенденттер сериясында жеңіске жетіп, UFC-мен келісімшартқа отырды. Ол сол кеште поляк Бартош Шевчикті (8-4-1) нокаутпен жеңіп, промоушен басшыларының назарын аударды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру