Милад Карими мен Дмитрий Патанин спорттық гимнастикадан Әлем кубогында жүлде алды

Милад Карими

Милад Карими

Казахстандық гимнастар Милад Карими мен Дмитрий Патанин Бакуде өткен Кубок әлемі кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Карими еркін жаттығуда 14,300 ұпай жинап, екінші орын алды. Бұл сында беларусь спортшысы Егор Шарамков (14,600) топ жарса, украиналық Назар Чепурный (13,633) үздік үштікті түйіндеді.

Патанин қоссырықта 13,400 ұпай жинап, күміске ие болды. Жапониялық Казуки Мацуми (14,200) алтын алса, хорват Петар Вефич (13,033) қола жүлдені еншіледі.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру