Белал Мухаммад: «Шавкат Рахмонов титулға Эдвардстан бұрын лайық»

Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад Леон Эдвардстың титулдық жекпе-жекке үміттенбеу керектігін ашық айтты. Бұған дейін британдық файтер UFC оған белбеу үшін қайта жұдырықтасуға мүмкіндік береді деп мәлімдеген еді.

Мухаммад бұл пікірмен келіспейтінін бірден жеткізді.

«Леон, сен титул үшін кемі үш-төрт жыл күтесің. Менің келесі қарсыласым – Шавкат Рахмонов. Ол кезекте сенен бұрын тұр», – деді чемпион Майкл Биспингтің подкастында.

Белал 2024 жылдың шілдесінде Эдвардсты жеңіп, чемпион атанған. Ал 10 мамырда ол UFC 315 турнирінде Джек Делла Маддаленаға қарсы белбеуін алғаш рет қорғайды.

Шавкат Рахмоновтың чемпиондық айқасқа жақын екені анық, ал Леон Эдвардстың титулға қайтып оралуы екіталай.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 17:45 ММА
Менеджер Али Абдель-Азиз Фарид Башараттың UFC-ден кеткеніне қатысты пікір білдірді
14 Окт - 15:45 ММА
Тим Цзю үшін Ларамен жекпе-жек тарихи мүмкіндікке айналуы мүмкін
12 Окт - 16:45 ММА
Мехонцев Бивол мен Смит жекпе-жегі туралы пікір білдірді
11 Окт - 12:05 ММА
Брендан Аллен UFC Fight Night 290 турнирінде Кристиан Леруа Данканы мерзімінен бұрын жеңді
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
08 Окт - 16:00 ММА
Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі қаңтарға шегерілді
07 Окт - 14:50 ММА
Қуат Хамитов Қазақстан құрамасын Фарер аралдарымен матчтан кейін сынады
07 Окт - 13:45 ММА
Жалғас Жұмағұлов үлкен жекпе-жек үшін октагонға оралуға дайын
07 Окт - 11:35 ММА
Шавкат Рахмонов 2027 жылы Майкл Моралеске қарсы жекпе-жекке ишара жасады
06 Окт - 16:22 ММА
Забит Магомедшарипов RAF күрес лигасымен келісімшартқа отырды