Шавкат Рахмонов UFC-дегі титулдық жекпе-жектен неге бас тартқанын түсіндірді

Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі титулдық жекпе-жектен неге бас тартқанын айтты.

— UFC-ге чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға мүмкіндік бергені үшін үлкен рақмет. Өкінішке қарай, жарақат салдарынан мамырға дейін қалпыма келе алмаймын. Жыл соңына қарай жеңімпазбен кездесеміз! — деп жазды ол X-тағы парақшасында.

Айта кетейік, UFC президенті Дана Уайт бұл турнир аясында өтетін бірнеше жекпе-жекті Instagram желісінде жариялады. Кештің басты айқасында жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммад (24-3, 1 NC) атағын қорғау үшін Джек Делла Маддаленаға (17-2) қарсы шығады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру