UFC-дің экс-чемпионы Генри Сехудо Қазақстанға келеді

Генри Сехудо
UFC-дің бұрынғы қос салмақтағы чемпионы, еркін күрестен 2008 жылғы Олимпиада жеңімпазы Генри Сехудо жақында Қазақстанға келмек.
Alash Pride лигасы 38 жастағы америкалық файтердің алдағы турнирлердің біріне қатысатынын хабарлады.
«Сіздермен Олимпиада чемпионы, UFC-дің наилегчайший мен легчайший салмақтардағы чемпионы сөйлесіп тұр! Жақын арада Қазақстанға келіп, Орталық Азиядағы ең мықты лигалардың бірінің жекпе-жектерін көремін. Сонымен қатар, мамыр айында менің ағам Хосе Мария Том осы жерде наилегчайший салмақта чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады! Кездескенше, достар!» — деп жазды Сехудо Alash Pride-тың Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Генри Сехудо ММА-де 16 жеңіс пен 4 жеңіліске ие. Соңғы екі жекпе-жегінде ол америкалық Алджамейн Стерлинг пен грузин Мераб Двалишвилиден жеңілген. Соңғы рет октагонға Сехудо 2024 жылдың ақпанында шыққан болатын.