Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
Қазақстан құрамасының футзалшысы Биржан Оразов 2028 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі команданың мақсаты туралы айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Оның сөзінше, ұлттық құрама топтық кезеңді көш басында аяқтауды көздеп отыр.
«Біздің мақсатымыз анық – топтан бірінші орынмен шығу. Жиынға келер болсақ, бәрі өте жақсы өтті, жоспарлағанымыздай жұмыс жасадық. Ертеңгі ойынға дайынбыз. Құдай қаласа, жеңіске жетеміз деп ойлаймыз», – деді Оразов.
Қазақстан құрамасы келесі кездесуін Беларуське қарсы өткізеді. Ойын 20 қазанда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады.
Қазақстан мен Беларусьтен бөлек, іріктеу тобында Албания құрамасы да бар. Ұлттық команданы Какау жаттықтырады. Қазақстандық футзалшылар топтық кезең қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болып, 2028 жылғы әлем чемпионатына жолдама алуға талпынысын жалғастырмақ.



