Александр Шевченко Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты

Александр Шевченко

Александр Шевченко. Фото: Андрей Ударцев

17 қазанда Алматыда Almaty Open ATP 250 халықаралық теннис турнирінің іріктеу кезеңі басталды. Қазақстандық теннисші Александр Шевченко іріктеу сайыстарының алғашқы айналымынан сәтті өтті.

ATP әлемдік рейтингінде 111-орында тұрған 24 жастағы қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінде үшінші нөмірмен тіркелді. Оның қарсыласы әлемдік рейтингте 178-орында орналасқан эстониялық Даниил Глинка болды.

Тартысты өткен кездесу үш сетке созылды. Шевченко алғашқы партияны 6:3 есебімен сенімді аяқтады. Алайда екінші сетте тай-брейкте 6:7 (3:7) есебімен қарсыласына жол берді. Шешуші партияда қазақстандық теннисші ойын барысын өз пайдасына өзгертіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу Александр Шевченконың пайдасына 6:3, 6:7 (3:7), 7:5 есебімен аяқталды. Матч 2 сағат 8 минутқа созылды.

Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші жеті эйс жасап, екі қос қателік жіберді.  Сондай-ақ Шевченко қарсыласының жалғыз брейк-пойнтын қайтарды.

Осы жеңістің арқасында Александр Шевченко Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына жолдама алды. Енді ол негізгі кезеңге шығу үшін бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар
17 Окт - 22:57 Теннис
Александр Шевченко Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты
16 Окт - 16:00 Теннис
Рафаэль Ходар Шанхайдағы төртінші камбэгін жасап, «Мастерс» жартылай финалына шықты
16 Окт - 15:20 Теннис
Сонай Картал Ухандағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалға жолдама алды
15 Окт - 21:13 Теннис
Алматыда World Tennis Бас ассамблеясының қорытындысы шығарылды
13 Окт - 15:45 Теннис
Юлия Путинцева камбэк жасап, Ухань турнирінің екінші кезеңіне өтті
12 Окт - 14:54 Теннис
Арина Соболенко Елена Рыбакинамен бәсекелестігі туралы пікір білдірді
12 Окт - 09:15 Теннис
Анна Данилина жұптық сындағы WTA рейтингінде жетінші орынға түсті
12 Окт - 08:38 Теннис
Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі көшбасшылығын сақтады, Мирра Андреева үздік үштікке енді
11 Окт - 18:14 Теннис
Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің төртінші айналымына шықты
11 Окт - 13:24 Теннис
Юлия Путинцева Уханьдағы WTA-1000 турнирінің негізгі кезеңіне шықты