Юлия Путинцева камбэк жасап, Ухань турнирінің екінші кезеңіне өтті

800x450.orig 1

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды. Ол алғашқы матчта Түркия өкілі Зейнеп Сонмезді 6:7 (1:7), 6:3, 7:5 есебімен жеңді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Кездесу 2 сағат 51 минутқа созылды. Путинцева бірде-бір эйс жасамады, бір рет қос қателік жіберіп, 16 брейк-пойнттің жетеуін пайдаланды. Ал Сонмез төрт рет қос қателік жасап, тоғыз мүмкіндіктің бесеуін брейкке айналдырды.

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі. Бұған дейін қарсыластар екі рет ойнап, екі матчта да Путинцева жеңіске жеткен.

2023 жылы Юлия Шнайдерді Осакадағы турнирде жеңсе, 2025 жылы Аделаидада өткен WTA-500 санатындағы жарыстың ширек финалында одан басым түсті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
13 Окт - 15:45 Теннис
Юлия Путинцева камбэк жасап, Ухань турнирінің екінші кезеңіне өтті
12 Окт - 14:54 Теннис
Арина Соболенко Елена Рыбакинамен бәсекелестігі туралы пікір білдірді
12 Окт - 09:15 Теннис
Анна Данилина жұптық сындағы WTA рейтингінде жетінші орынға түсті
12 Окт - 08:38 Теннис
Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі көшбасшылығын сақтады, Мирра Андреева үздік үштікке енді
11 Окт - 18:14 Теннис
Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің төртінші айналымына шықты
11 Окт - 13:24 Теннис
Юлия Путинцева Уханьдағы WTA-1000 турнирінің негізгі кезеңіне шықты
09 Окт - 08:30 Теннис
Елена Рыбакина бастаған 11 теннисші Ухань турниріне қатыспайды
08 Окт - 13:45 Теннис
Мирра Андрееваны Пекиндегі матчта фаворит деп атады
08 Окт - 09:45 Теннис
Sports Illustrated Елена Рыбакинаның жағдайына қатысты сұрақ көтерді
06 Окт - 13:45 Теннис
Григорий Ломакин Униндегі «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты