Мария Севостьянова Париждегі таеквондодан Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасының өкілі Мария Севостьянова Францияның Париж қаласында өткен таеквондодан Гран-при кезеңінде қола жүлдеге ие болды. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Қазақстандық спортшы жартылай финалға дейін үш жеңіске жетті. Алғашқы айналымда Қытай Тайбэйінің өкілі Вэй Чунь Линьді 2:0 есебімен жеңсе, кейін венгриялық Лука Патакфалвиден дәл осындай есеппен басым түсті.
Ширек финалда Севостьянова Өзбекстан өкілі Мадина Мирабзалованы 2:0 есебімен ұтты. Алайда жартылай финалда бразилиялық Мария Клара Пачекоға 0:2 есебімен жол беріп, жарысты қола медальмен аяқтады.
Таеквондодан Гран-при сериясының финалдық кезеңі 27-29 қараша аралығында Астанада өтеді.



