Диас Жиренбаев Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламадан кейін жетінші орында тұр
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев Алматыда өтіп жатқан «Денис Тен мемориалы» халықаралық турнирінде қысқа бағдарламасын орындады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 66,11 ұпай жинап, ерлер арасындағы жекелей сырғанаудан аралық есепте жетінші орынға орналасты.
Жарыстың көш басында бейтарап мәртебеде өнер көрсететін ресейлік Владимир Дикиджи тұр. Ол 107,31 ұпай жинады. Екінші орында 95,79 ұпаймен Глеб Лутфуллин болса, үздік үштікті 80,63 ұпай алған Петр Гуменник түйіндеп тұр.
«Денис Тен мемориалы» ISU Challenger Series халықаралық сериясына кіреді. Ерлер арасындағы еркін бағдарлама 10 қазанда өтеді. Осыдан кейін турнирдің қорытынды нәтижелері мен жүлдегерлері анықталады.



