Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі қаңтарға шегерілді
Екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша бос тұрған әлем чемпионы атағы үшін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен дат боксшысы Якоб Банк арасындағы жекпе-жек бұған дейін хабарланғандай желтоқсанда емес, 2027 жылдың қаңтарында өтеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Алғашында The Ring журналисі Майк Коппинджер Банктың менеджері Спенсер Браунға сілтеме жасап, жекпе-жек желтоқсан айында Копенгагенде өтетінін хабарлаған. Кейін журналист ақпаратты нақтылап: «Спенсер Браун нақтылағандай, Копенгагендегі жекпе-жек желтоқсанда емес, қаңтарда өтеді», – деп жазды.
Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр сәуір айында Астанада өткізді. Қазақстандық боксшы француз Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңді. Енді Жәнібек екінші орта салмақтағы WBO титулы үшін шаршы алаңға шығады.
Якоб Банк соңғы кездесуін биыл 25 шілдеде Сауд Арабиясының Жидда қаласында өткізді. Дат боксшысы британдық Павел Августыниктен басым түсті.


