Мирра Андрееваны Пекиндегі матчта фаворит деп атады

6a9d6e4f9b501

Танымал Last Word on Sports сайты Пекиндегі (Қытай) WTA турнирінің ширек финалында ресейлік теннисшілер Мирра Андреева мен Екатерина Александрова арасындағы матчқа болжам жасады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Теннисшілер осыған дейін екі рет кездесіп, екі жағдайда да Александрова жеңіске жеткен. Төртінші нөмірмен бақ сынап жатқан Андреева төртінші айналымда Дарья Снигурды сенімді түрде жеңіп, China Open турнирінің ширек финалына екінші рет жолдама алды. Басылым мамандары 19 жастағы теннисшінің Юань Юэге қарсы алғашқы матчпен салыстырғанда ойын деңгейін айтарлықтай жақсартқанын атап өтті.

Александрова алдыңғы кездесуде бесінші нөмірлі Линда Носковадан басым түсіп, маусымдағы ең үздік матчтарының бірін өткізді. Сонымен қатар Андреева әзірге отандасынан бірде-бір сет ұтып көрген жоқ. Сондықтан оның жеңіске жетуі үшін матчтың басынан белсенді ойнап, қарсыласына доп алмасуларды бақылауға мүмкіндік бермеуі қажет.

Last Word on Sports сарапшылары Андрееваның үш сетте жеңіске жететінін болжап отыр. Матч бүгін Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 12:50 Теннис
Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтауға бір жеңіс қалды
23 Окт - 08:26 Теннис
БАҚ Елена Рыбакина мен Катажина Каваның Нинбодағы матчы бойынша болжам жасады
22 Окт - 17:38 Теннис
Михаил Кукушкин Almaty Open турнирінде кәсіби мансабын аяқтады
21 Окт - 17:00 Теннис
Анна Данилина Нинбодағы WTA 500 турнирінің жұптық бәсекесін алғашқы айналымнан аяқтады
20 Окт - 17:02 Теннис
Стефанос Циципас Almaty Open турнирінің екінші айналымында Михаил Кукушкинмен кездеседі
19 Окт - 12:05 Теннис
Рыбакина әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтады, Путинцева 14 орынға көтерілді
17 Окт - 22:57 Теннис
Александр Шевченко Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты
16 Окт - 16:00 Теннис
Рафаэль Ходар Шанхайдағы төртінші камбэгін жасап, «Мастерс» жартылай финалына шықты
16 Окт - 15:20 Теннис
Сонай Картал Ухандағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалға жолдама алды
15 Окт - 21:13 Теннис
Алматыда World Tennis Бас ассамблеясының қорытындысы шығарылды