Ансарбек Ғайнуллин дзюдодан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады
Қазақстандық дзюдошы Ансарбек Ғайнуллин Бакуде өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жарысын 73 келіге дейінгі салмақта француз Дайян Боуелмтафстан жеңіліп, аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Бірінші айналымдағы белдесу негізгі уақытта аяқталмай, golden score кезеңіне ұласты. Осы уақытқа дейін Ғайнуллин екі ескерту алған еді. Қосымша уақытта қазақстандық спортшы үшінші шидосын алып, нәтижесінде жарыстан шеттетілді.
Бұл спортшылардың осы маусымдағы екінші кездесуі болды. Маусым айында Ұлан-Батырда өткен Grand Slam турнирінде де Боуелмтафс Ғайнуллиннен басым түсіп, қазақстандық дзюдошының жарысын екінші айналымда аяқтаған еді.



