Наурызбек Жагоров: «Фарер аралдарына қарсы матчқа толық дайынбыз»

Наурызбек Жагоров

Наурызбек Жагоров

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Фарер аралдарына қарсы матч алдында баспасөз мәслихатына қатысты.

«Біз ертеңгі ойынға толықтай дайынбыз. Соңғы ойындағы нәтиже біздің көңілімізден шықпады. Сондықтан ертеңгі ойында жанкүйерлерді қуантып, өзімізге қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін барымызды саламыз.

Молдовамен өткен ойында алғашқы минуттардан бастап бізге агрессивті футбол жетпеген секілді. Екінші тайм басталған бойда бұрыштамадан гол жіберіп алдық. Содан кейін өз ойынымызды тапқандай болдық, шабуылға көбірек шығып, қауіпті сәттер көп жасадық. Бірақ ойынды өз пайдамызға шешуге уақыт жетпей қалды деп ойлаймын.

Қарсыластың ойынына келетін болсақ, Фарер аралдары құрамасының өзіне тән ерекшеліктері бар. Ойын күреске толы болады деп ойлаймын.

Ертеңгі ойынға біз толық дайынбыз. Барлығына дайын болып, өз ойынымыздан бас тартпаймыз. Құрамамыз кез келген сынға төтеп беруге дайын», – деді Наурызбек Жагоров.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:50 Футбол
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттан» кетті: бұрынғы ойыншы оны Қазақстандағы ең мықты бапкер деп атады
27 Окт - 13:50 Футбол
France Football Ламин Ямалдың «Алтын доп»-2026 жүлдесін неге жеңе алмағанын түсіндірді
27 Окт - 13:17 Футбол
Килиан Мбаппе «Алтын доп»-2026 дауыс беруіндегі екінші орынға реакция білдірді
27 Окт - 11:04 Футбол
Криштиану Роналду Португалия құрамасының кеңейтілген тізіміне енді
27 Окт - 10:20 Футбол
Харри Кейн 30 жылдан кейін Бундеслигадан шыққан алғашқы «Алтын доп» иегері атанды
27 Окт - 09:49 Футбол
«Ордабасы» Чемпиондар лигасындағы жолын бірінші іріктеу кезеңінен бастайды
27 Окт - 09:00 Футбол
Харри Кейн мен Алексия Путельяс «Алтын доп-2026» иегерлері атанды
23 Окт - 10:30 Футбол
«Ордабасы» мен «Қайрат» КПЛ-дің 29-туры аясында маңызды матчтарын өткізеді
23 Окт - 09:07 Футбол
Грекиялық БАҚ «Панатинаикос» қорғаушыларының «Қайратқа» қарсы ойынына баға берді
21 Окт - 15:05 Футбол
Рафаэль Уразбахтин: ««Панатинаикосты» құрметтейміз, бірақ одан қорықпаймыз»