Торехан Сабырхан 12 жылдан кейін Азия ойындарында алтын алды

images 15

Қазақстандық боксшы Торехан Сабырхан Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан бұл салмақта 12 жылдан кейін чемпион атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазіргі әлем чемпионы иорданиялық Зейад Ишаишпен кездесті. Сабырхан жекпе-жектің алғашқы минуттарынан қорғаныста сенімді қимылдап, кездесудің барысын бақылауда ұстады. Төрешілердің үшеуі де барлық раундта қазақстандық боксшының басымдығын көрсетті. Қорытынды есеп – 5:0.

Финалға дейін Сабырхан катарлық Мохаммед Дбичиді 5:0 есебімен жеңді, ирактық Али Касим Хамдан Аль-Сарайды бірінші раундта нокаутқа түсірді. Жартылай финалда өзбекстандық Шавкатжан Болтаевтан 5:0 есебімен басым түсті.

Сабырханның алтыны Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы оныншы алтын медалі болды. Қазақстандық боксшылар бұл салмақта бұған дейін 2014 жылы чемпион атанған. Сол кезде Данияр Елеусінов алтын медаль жеңіп алған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Окт - 11:15 Жекпе-жек
Зарина Райфова Азия Пара ойындарында пара дзюдодан алтын медаль жеңіп алды
16 Окт - 14:45 Жекпе-жек
Загребтегі Гран-приге Қазақстаннан 17 дзюдошы қатысуы мүмкін
14 Окт - 08:47 Жекпе-жек
Айбек Айтбеков U23 әлем чемпионы атанды
13 Окт - 12:50 Жекпе-жек
Шерзод Давлатов IJF әлемдік рейтингінде үздік ондыққа енді
13 Окт - 08:30 Жекпе-жек Күрес
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатының финалына шықты
09 Окт - 17:55 Жекпе-жек
Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің алдын ала тізіміне енді
09 Окт - 13:45 Жекпе-жек
Аруна Жангельдина дзюдодан әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңілді
07 Окт - 18:15 Жекпе-жек
Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының финалына бір қадам қалғанда жеңілді
07 Окт - 17:00 Жекпе-жек
Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
06 Окт - 14:20 Жекпе-жек
Ансарбек Ғайнуллин дзюдодан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады