Рита Бакишева Азия ойындарында тарихи қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Рита Бакишева Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында виртуалды таеквондодан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
1/8 финалда Бакишева Иордания өкілі Мохаммад Аладарбиді 2:0 есебімен жеңді. Ширек финалда қазақстандық спортшы Үндістан өкілі Кашиш Маликтен 2:1 есебімен басым түсті.
Жартылай финалда Бакишева Филиппин спортшысы Джеус Япаға 0:2 есебімен есе жіберді. Осылайша, қазақстандық спортшы жарысты қола медальмен аяқтады.
Виртуалды таеквондо Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша, Бакишеваның қоласы Қазақстан үшін бұл спорт түріндегі алғашқы тарихи медаль болды.



