Демеу Жадраев, Ислам Евлоев және басқа балуандар Азия ойындарында алғашқы белдесулерін өткізді
Қазақстандық балуандар Айти және Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы белдесулерін өткізді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраев 77 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Жапония өкілі Нао Кусакамен белдесіп, 9:11 есебімен жеңілді.
97 келіге дейінгі салмақта Ислам Евлоев жарысты Қытай өкілі Ван Цзэганды 11:8 есебімен жеңуден бастады. Қазақстандық балуан биыл ересектер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлде иеленіп, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар Zagreb Open рейтингтік турнирінде күміс медаль жеңіп алды.
60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Фидахметов 1/8 финалда жапониялық Аята Судзукиден 0:9 есебімен мерзімінен бұрын жеңілді. Осы жазда қазақстандық балуан Будапештте өткен рейтингтік турнирдің финалына дейін жетіп, жарыс барысында үш жеңіске қол жеткізген еді. Әйелдер күресінде Ирина Кузнецова 62 келіге дейінгі салмақта Үндістан өкілі Манси Ахлаваттан 1:6 есебімен жеңілді.
Сонымен қатар Жадраев, Фидахметов және Кузнецова жұбаныш кезеңіне өту мүмкіндігін сақтап отыр. Ол үшін аталған балуандарды жеңген қарсыластары өз салмақ дәрежесінде финалға шығуы керек. Айти және Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.



