Қазақстандық велошабандоздар Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды
Қазақстанның ерлер құрамасы Айти және Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында велотректегі командалық із кесу жарысында төртінші орын алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Қола медаль үшін өткен жарыста қазақстандықтар Оңтүстік Корея құрамасымен сынға түсті.
Қазақстан командасы қашықтықты 3 минут 58,718 секундта бағындырды. Ал Оңтүстік Корея құрамасы 3 минут 55,933 секунд нәтиже көрсетіп, қола медаль иеленді.
Қазақстан құрамасының сапында Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Рамис Динмұхәметов, Дмитрий Носков және Әлішер Жұмахан өнер көрсетті. Осылайша, қазақстандық велошабандоздар Ханчжоуда өткен алдыңғы Азия ойындарындағы нәтижесін қайталай алмады. Сол жарыста Қазақстан құрамасы командалық із кесуде қола жүлдеге ие болған еді.
Айти және Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.


