Қазақстандық мергендер Азия ойындарында тоғызыншы орынға ие болды
Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында 25 метр қашықтықтан тапаншамен ату бойынша командалық есепте тоғызыншы орын алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Қазақстан сапында іріктеу кезеңіне Валерия Попелова, Нина Старова және Сауле Алимбек қатысты.
Командалық іріктеу қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар жалпы 1703 ұпай жинап, тоғызыншы орынға орналасты. Қазақстандықтар арасындағы үздік жеке нәтиже Валерия Попеловаға тиесілі. Ол 575 ұпай жинап, 18-орын алды.
Нина Старова 566 ұпаймен 37-орынға тұрақтады. Сауле Алимбек 562 ұпай жинап, 40-орынға орналасты. Қазақстанның үш спортшысының ешқайсысы жарыстың финалдық кезеңіне өте алмады.
Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан спортшылары құрлықтық дода аясында спорттың түрлі түрлерінен жарысқа қатысып жатыр.



