Қазақстандық жұптар Азия ойындарын жеңіспен бастады

1777114026

Қазақстанның екі әйелдер жұбы Айти мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарындағы жағажай волейболы турнирінің топтық кезеңіндегі алғашқы кездесулерінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

F тобында Кристина Каримова мен Екатерина Рюхова Катар өкілдерін 2:0 есебімен жеңді. Қазақстандықтар алғашқы партияда 21:7, екінші сетте 21:6 есебімен басым түсті. Осылайша екі партияның қорытындысы бойынша қарсыластары бар болғаны 13 ұпай жинады.

E тобында Мерей Қожахмет пен Лаура Кабулбекова да турнирдегі алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады. Қазақстандық жұп Бангладеш өкілдерін 2:0 есебімен (21:6, 21:2) ұтып, қарсыластарына екі партияда небәрі сегіз ұпай алуға мүмкіндік берді.

Екі қазақстандық жұп та келесі кездесуін 25 қыркүйекте өткізеді. Каримова мен Рюхова жапониялық Сакура Ито және Маю Саваға қарсы ойнайды. Бұл жұп биыл Жаңа Зеландияның Маунт-Маунгануи қаласында өткен Beach Pro Tour Futures санатындағы кезеңде қола жүлдеге ие болған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:00 Басқа
Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын құрамы жарияланды
21 Окт - 10:30 Басқа
Қазақстандық садақшылар Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 09:05 Басқа
Ислам Салимов Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 08:30 Басқа
Махамбет Серікқалиев Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
20 Окт - 11:20 Басқа
Севда Әлиева Азия Пара ойындарында үздік алтылыққа енді
20 Окт - 10:49 Басқа
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
20 Окт - 09:15 Басқа
Қазақстан пара үстел теннисінен Азия Пара ойындарындағы алғашқы медальдарын алды
20 Окт - 08:20 Басқа
Гүлім Құрманбаева Азия Пара ойындарында жүлдеге сәл жетпей қалды