Нұрқанат Ажықанов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық каратэші Нұрқанат Ажықанов Айти мен Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін болған жекпе-жекте қазақстандық спортшы Филиппин өкілі Алвин Батиканды 10:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Бұған дейін Ажықанов Иран спортшысы Мортеза Нематиға есе жіберген болатын. Осы жеңілістен кейін қазақстандық спортшы жұбаныш кезеңі арқылы жарысын жалғастырып, қола жүлде үшін кездесуге жолдама алды. Үшінші орын үшін өткен шешуші жекпе-жекте ол филиппиндік қарсыласын 10:1 есебімен жеңді.
Ажықанов пен Немати бұған дейін 2025 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатының финалында кездескен. Сол жолы алтын жүлдені қазақстандық спортшы иеленген еді. Ал қазіргі Азия ойындарында Ажықанов екінші рет қатарынан жүлдеге қол жеткізді. 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ол дәл осы салмақ дәрежесінде чемпион атанған.
Ажықановтың қоласы Қазақстан каратэшілерінің биылғы Азия ойындарындағы бесінші медалі болды. Бұған дейін Софья Берульцева мен Жоламан Биғабыл алтын жүлде алса, Асель Канай күміс, Бэлла Самашева қола медаль иеленді. Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.



