Елена Рыбакина 2026 жылғы жүлде қоры бойынша үздік үштікке кірді

some places never lose their magic🤍✨ @wimbledon edited 1280x1280 1

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы турнирлік жүлде қоры бойынша ең көп табыс тапқан теннисшілер рейтингінде үшінші орынға көтерілді. Қазақстандық спортшы маусым барысында жарыстардан 10,88 миллион доллар көлемінде сыйақы алған. Осы көрсеткіш бойынша ол әйелдер арасындағы ең жоғары нәтижеге ие, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Sportico мәліметінше, Рыбакинадан биыл тек екі ер теннисші көп жүлде алған. Германиялық Александр Зверевтің табысы 14,71 миллион доллар болса, Италия өкілі Янник Синнер 11,58 миллион доллар жинаған. Әйелдер арасында Рыбакинаға ең жақын көрсеткіш Аринаның Соболенкоға тиесілі – Беларусь өкілі 8,07 миллион доллар алды. Ал Линда Носкова турнирлерден 7,49 миллион доллар тапқан.

Қазақстандық теннисшінің бұл тізімдегі көрсеткішін айтарлықтай жақсартқан турнир US Open-2026 болды. Нью-Йорктегі финалда Рыбакина Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар бұл оның «Үлкен дулыға» санатындағы үшінші титулы болды. Чемпиондық үшін Елена 5,5 миллион доллар алды. Бұл – US Open тарихындағы әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанған теннисшіге берілген ең жоғары жүлде. Ал биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры рекордтық 108 миллион долларға жетті.

US Open қорытындысынан кейін Рыбакинаның мансабындағы турнирлік жүлделерінің жалпы көлемі шамамен 35,3 миллион долларға жетті. Нью-Йорктегі жарыс қазақстандық теннисшіге қаржылай табыстан бөлек, тағы бірнеше маңызды жетістік әкелді. Чжэн Циньвэньді ширек финалда жеңгеннен кейін Рыбакина WTA рейтингінің бірінші сатысын қамтамасыз етті. Ал 14 қыркүйекте ол ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Осылайша бір турнир барысында Елена US Open-дағы алғашқы чемпиондығын, үшінші «Үлкен дулыға» титулын, әлемдік рейтингтегі көшбасшылықты және мансабындағы ең ірі жүлде чегін иеленді. Айта кету керек, аталған сомалар тек турнирлік жүлделерді көрсетеді. Оған жарнамалық келісімшарттар, демеушілік төлемдер және спортшының басқа да коммерциялық табыстары кірмейді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 12:50 Теннис
Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтауға бір жеңіс қалды
23 Окт - 08:26 Теннис
БАҚ Елена Рыбакина мен Катажина Каваның Нинбодағы матчы бойынша болжам жасады
22 Окт - 17:38 Теннис
Михаил Кукушкин Almaty Open турнирінде кәсіби мансабын аяқтады
21 Окт - 17:00 Теннис
Анна Данилина Нинбодағы WTA 500 турнирінің жұптық бәсекесін алғашқы айналымнан аяқтады
20 Окт - 17:02 Теннис
Стефанос Циципас Almaty Open турнирінің екінші айналымында Михаил Кукушкинмен кездеседі
19 Окт - 12:05 Теннис
Рыбакина әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтады, Путинцева 14 орынға көтерілді
17 Окт - 22:57 Теннис
Александр Шевченко Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты
16 Окт - 16:00 Теннис
Рафаэль Ходар Шанхайдағы төртінші камбэгін жасап, «Мастерс» жартылай финалына шықты
16 Окт - 15:20 Теннис
Сонай Картал Ухандағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалға жолдама алды
15 Окт - 21:13 Теннис
Алматыда World Tennis Бас ассамблеясының қорытындысы шығарылды