Александр Бублик US Open қарсаңында ATP рейтингінде екі сатыға төмендеді

800x450 2

Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP рейтингінің жаңартылған нұсқасында екі сатыға төмендеп, US Open турнирі алдында әлемнің 13-ракеткасы атанды. Оның қоржынында 2525 ұпай бар, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұған дейінгі әлемдік рейтингте Бублик 11-орында тұрған. Өткен кезеңде қазақстандық спортшы 10 рейтингтік ұпайынан айырылып, нәтижесінде бірден екі сатыға төмендеді. Соңғы апталарда Бублик Канада мен АҚШ-та өткен бірнеше турнирге қатысқан жоқ. Теннисшінің жарыстардағы үзілісіне отбасылық және коммерциялық жағдайлар себеп болды. Соның салдарынан ол бұған дейін жинаған ұпайларының бір бөлігін қорғай алмады.

Рейтингтегі төмендеуге қарамастан, Бублик Қазақстанның бірінші ракеткасы мәртебесін сақтап қалды. Қазақстандық басқа теннисшілер арасында Александр Шевченко 89-орында, Тимофей Скатов 149-сатыда, Михаил Кукушкин 333-орында, Бейбіт Жұқаев 425-сатыда, ал Денис Евсеев 444-орында келеді.

Әлемдік рейтинг көшін италиялық Янник Синнер 13 450 ұпаймен бастап тұр. Испаниялық Карлос Алькарас 8160 ұпаймен екінші орында, ал Германия өкілі Александр Зверев 8090 ұпаймен үздік үштікті түйіндейді. Осылайша, Бублик маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирін әлемнің 13-ракеткасы ретінде бастайды. Нью-Йорктегі US Open жарысы қазақстандық теннисшіге рейтингтегі жоғалтқан позицияларын қайтаруға мүмкіндік береді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 12:50 Теннис
Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтауға бір жеңіс қалды
23 Окт - 08:26 Теннис
БАҚ Елена Рыбакина мен Катажина Каваның Нинбодағы матчы бойынша болжам жасады
22 Окт - 17:38 Теннис
Михаил Кукушкин Almaty Open турнирінде кәсіби мансабын аяқтады
21 Окт - 17:00 Теннис
Анна Данилина Нинбодағы WTA 500 турнирінің жұптық бәсекесін алғашқы айналымнан аяқтады
20 Окт - 17:02 Теннис
Стефанос Циципас Almaty Open турнирінің екінші айналымында Михаил Кукушкинмен кездеседі
19 Окт - 12:05 Теннис
Рыбакина әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтады, Путинцева 14 орынға көтерілді
17 Окт - 22:57 Теннис
Александр Шевченко Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты
16 Окт - 16:00 Теннис
Рафаэль Ходар Шанхайдағы төртінші камбэгін жасап, «Мастерс» жартылай финалына шықты
16 Окт - 15:20 Теннис
Сонай Картал Ухандағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалға жолдама алды
15 Окт - 21:13 Теннис
Алматыда World Tennis Бас ассамблеясының қорытындысы шығарылды